Атырауда үш адамды атып өлтіріп, біреуін жарақаттаған күдікті қамауға алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үш адамды атып өлтіріп, біреуін жарақаттаған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда атыстан үш адам мерт болып, біреуі ауруханаға түскенін жазған едік.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, атыс кеше, 15 наурызда сағат 22:10 шамасында болған. Атырау қаласының «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада тапаншадан атылған оқтан 27 және 23 жастағы екі жігіт қаза тапқан. Ал, 1995 жылғы 1 адам ауруханаға жеткізілген.

Күдікті оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында тергеу жүргізу кезінде тағы бір адамның мүрдесін тапқан. Тексеру кезінде оның 27 жастағы ер адам екені анықталған.

«Полиция қызметкерлері аталған қылмысқа күдікті ретінде Маңғыстау облысының 1993 жылғы тумасын ұстады. Атысқа азаматтардың арасында туындаған өзара келіспеушілік себеп болған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.


Соңғы жаңалықтар