Атырауда үш көлік тұрағының орнына үш мектеп салынады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында көлік тұрағына берілген 1513 учаске кері қайтарылып, орнына үш мектеп салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мектептер құрылысын көлік тұрағы үшін берілген жер учаскелері мемлекет иелігіне кері қайтарылады.
«Атырау қаласындағы «Автотэп» көлікжай массивіндегі 513, ескі Сыра зауыты аумағындағы 586 және Лесхоз шағын ауданында орналасқан Автопарк көлікжай алабындағы 414 учаске жыл соңына дейін иеліктен шығарылады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің арнайы қаулысы бар. Босаған учаскелердің орнына сол аумақтың балалары үшін «Жайлы мектеп» пилоттық жобасымен 2000 орындық 3 мектептің құрылысын салу жоспарланып отыр», -деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 7 мектеп пен 1 жапсаржай пайдалануға берілетінін хабарлаған болатынбыз.
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, жыл соңына дейін пайдалануға берілетін мектептердің бесеуі Атырау қаласында, біреуі Махамбет орналасқан.
Ал, Исатай ауданының Тұщықұдық ауылындағы мектеп жанынан жапсаржай салынып жатыр.
Жаңа мектептер 6450 орынға есептелген.
«Келесі жылы облыс бойынша 18 мектепті пайдалануға беру жоспарланды. Оның ішінде 9 білім ордасы «Жайлы мектеп» бағдарламасымен салынады. Осылайша, Атырау облысында мектептердегі сабақ екі ауысымда білім берілетін болады. Нақтылай айтқанда, 2023-2024 жылдары мектептерде оқушыларға 26 мыңнан астам орын құрылады», -деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.