Атырауда ұялы телефон терминалдарынан ақша ұрлаған қылмыстық топ құрықталды
Ұялы телефон және коммуналдық қызметтердің ақысын шұғыл түрде төлеуге мүмкіндік беретін автоматтарға халықтың сұранысы жоғары. Олардың қылмыскерлердің назарына ілігуінің себебі де осында. Қылмыскерлер ақшаны терминалдардан тікелей алып, өздерін әлекке салмаған. Олар пиғылдарын басқаша жүзеге асырып отырған. Базардың ішіндегі күзетшілердің көздерін ала бере, олар ауыр құрылғыны көтеріп әкетіп отырған. Терминалды кейін, куәгерлер жоқ, тыныш жерде ашқан.
ІІД-ден хабарлағандай, мұндай ұрлықтар облыс орталығындағы базарларда жиі болып отырды. Қазір ұсталғандардың осындай алты қылмысқа қатысы барлығы анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 175-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Алдын ала есеп бойынша ұрланған алты терминалда жарты миллионнан астам ақша болды. Қаражаттың жартысын қайтару мүмкін болды.