Атырауда үйінен қашып кеткен оқушы ата-анам намаз оқуға мәжбүрлейді деп өтірік айтқан

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үйіне қашып кеткен жасөспірімнің ұрлық жасауға бейім екені анықталды. Ол ақталу үшін ата-анасының намаз оқуға мәжбүрлегені туралы өтірік айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: pixabay.com

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мәселесі қаралды.

Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтың айтуынша, жасөспірімдер тәрбиесіне баса мән берілуі қажет.

Өйткені олардың кейбірі ұрлыққа бейім екені анықталып отыр.

«Ханафи мазһабын ұстанатын отбасындағы жасөспірім үйінен қашып кеткен. Теологтар бұл отбасындағы тәрбие мәселесіне зерделеу жүргізді. Сол кезде жасөспірімнің ұрлық жасауға бейім екені анықталды. Жасөспірім ақталу үшін ата-анасының намаз оқуға мәжбүрлейтіні туралы өтірік айтқан», - деп мәлім етті Қайролла Көшқалиев.

Оның дерегінше, спорт жаттықтырушыларының арасында жат діни ағымды ұстанатындар бар.

Бұл спорт үйірмелеріне қатысатын жасөспірімдерге әсер ету мүмкін. Сол себептен, спорт залдарын «Сергек» бейнебақылау жүйесіне қосу қажет.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуованың айтуына қарағанда, спорт залдарына рейд жүргізілген.

Рейд кезінде спорт залдарында топтасып намаз оқу дерегі анықталмаған.

Бұдан бұрын Атырауда әкесі ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген 11 жасар қыз полицияға жүгінгенін жазған едік.

«Былтыр жасөспірім қыз әжесінен ауруханаға апаруды өтінген. Аурухана дәрігерлері жасөспірімнің денесінен жарақатты, көгерген дақты, қабырғасы сынғанын анықтаған. Ол кезде бала дәрігерлерге ештеңе айтпаған. Ал, биылғы қаңтарда сыныптасының әкесінен көмек сұраған. Ол жасөспірімді полицияға жеткізген. Полиция қызметкерлері әкесінен қорлық көрген қызды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды», - дейді Дильназ Әділжанқызы парақшасында.


Соңғы жаңалықтар