Атырауда заңсыз жүрген Ирландия азаматы елден шығарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға келген шетелдіктермен бірге Ирландия азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мигрант» жедел іс-шарасы кезінде көші-қон заңнамасын бұзудың 419 дерегін анықталған.

«Оның ішінде 229 шетелдік ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 517-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен Өзбекстан Республикасының - 8, Ирландия елінің 1 азаматы Түркістан облысындағы Жібек жолы бақылау-өткізу бекеті арқылы елден шығарылды. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ, дакто, фото есепке алуды қалыптастыру мен жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты Өзбекстанның 108 еңбек мигрантына жұмысқа алған рұқсаты кері қайтарылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының 3 азаматы құжатсыз жүргені анықталған.

Көші-қон қызметкерлерінің көмегімен Қазақстан Республикасында орналасқан Өзбекстан Республикасының елшілігі арқылы олардың төлқұжаты қалпына келтіріліп, Қазақстан аумағынан сот шешімімен шығарылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда құжатсыз жүрген 25 шетелдік анықталған болатын.


Соңғы жаңалықтар