Атырауда зейнеткердің пәтерінен ақша салынған сөмкені ұрлаған күдікті ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 75 жастағы зейнеткердің пәтерінен ақша салынған сөмкені ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайыд ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қазанда Атырау қаласының тұрғыны шағым түсірген.

«Шағымданушы арызындда 75 жастағы әжесінің пәтеріне белгісіз адам кіріп, 60 мың теңге салынған сөмкесін ұрлап кеткенін көрсеткен. Тексеру кезінде пәтердің сыртқы есіктің ашық қалғаны анықталды. Осыны пайдаланған ұры үйге кіріп, кіреберісте тұрған сөмкені алып, шығып кеткен. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осы қылмысқа күдікті 45 жастағы ер адам ұстады. Ұрланған сөмкесі мен зейнетақысын қолына қайтарып алған 75 жастағы әже полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

«Полиция қызметкерлері сөмкемді тауып, қайтарып берді. Сөмкенің ішінде соңғы алған зейнетақым бар еді. Атырау қаласындағы №1 полиция бөліміне, облыстық департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевке жедел әрекеті үшін рақмет айтамын» - дейді зейнеткер Меңдіғалым Садырбайқызы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында еңбек демалысында жүрген полицей ұрыны ұстағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар