Атырауда жағдайы ауыр 78 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырып, жағдайы нашарлаған 78 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда жағдайы ауыр 78 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өңірдегі 2 922 орындық инфекциялық стационарларда 1 325 науқас емделіп жатыр.

«Инфекциялық стационарлардағы жүктеме 45,3%-ды құрап отыр. Ал, 114 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 78 науқас оқшауланған. Оның ішінде 10 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Қазір мұндағы жүктеме 68,4%-ға жетті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавирус жұқтырған 67 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік.