Атырауда жаңа өлкетану музейі ашылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жаңа өлкетану музейі ашылады, себебі бұрынғы тарихи-өлкетану музейінің ғимараты қазіргі заман талаптарына сай емес, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Атырауда жаңа өлкетану музейі ашылады

«Облыстық тарихи-өлкетану музейі ешқандай сын көтермейді. Жаңа мәдени нысан үшін ғимараты кең Сланов атындағы жаңа кітапхананың бір бөлігін беру керек немесе жаңа музейдің жобалық-сметалық құжаттамасын жасауды бастау қажет», - деп мәлімдеді бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті 21 сессиясында.

Атыраудағы тарихи-өлкетану музейі 1939 жылы құрылған. Ондағы алғашқы экспозиция 200 жәдігерден құралған болатын. Көне заттарды сақтайтын музей уақыт өте келе өңірдің мәдени орталығына айналды. Қазіргі таңда музейде 50 мыңнан астам жәдігер бар.