Атырауда жансақтау бөлімінде коронавируспен жатқан науқастар саны көбейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жансақтау бөлімінде коронавируспен жатқан науқастар саны көбейді. Қазір мұнда жағдайы ауыр 88 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда жансақтау бөлімінде коронавируспен жатқан науқастар саны көбейді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, инфекциялық стационарларда оқшауланған науқастар саны 1 807-ге жеткен.

«Стационарлардағы 3 012 төсек-орынның жүктемесі 59,9%-ды құрап отыр. Ал, 114 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде коронавирус жұқтырып, жағдайы нашарлаған 88 науқас жатыр. Оның ішінде 8 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімнің жүктемесі 77,1%-ға жетті» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жансақтау бөлімінде жатқан 84 науқастың жағдайы ауыр екенін хабарлағанбыз.