Атырауда жас айтыскерлер ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдама алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Индер ауданында мектеп оқушылары арасында өткен айтыста топ жарған жеңімпаздарға сыйлық ретінде ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдама берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«14 мектептің оқушысы қатысқан аудандық айтыс осымен сегізінші рет өткізіліп отыр. Жас айтыскерлердің арасында тәжірибелі ақындар да, суырып салма өнеріне енді қадам басып жатқан жас айтыскерлер де болды. Балалар Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған мәселелерді көтеріп, батырлар туралы жырлады. Бас жүлдені «Көктем» орта мектебінің оқушысы Нұрасыл Иса жеңіп алды. Оған диплом мен ноутбук табыс етілді», - деп хабарлады аудандық білім беру басқармасының басшысы Берік Шәкімов.

Бірінші орынды ұлттық гимназия оқушысы Бектас Төлеуғалиев иеленді, оған ауыспалы кубок табыс етілді. Екінші орынды Б.Кеңесов пен Ш.Серікжанов бөлісті. Үшінші орынды И.Төлеген, А.Аманкелдиев, Т.Төлеген, И.Әзімгерей алды. Олардың барлығына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне тегін жолдама берілді. 

Соңғы жаңалықтар