Атырауда жасөспірім мен жас жігіт Сирияға аттануға үндегені үшін сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот лаңкестікті, экстремизмді насихаттағаны немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, лаңкестік жасауға ашық түрде үндегені үшін айыпталған 16 жастағы жасөспірім мен оның 19 жастағы сыбайласына бес жылға колонияда жазасын өтеуге үкім шығарды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Атырауда жасөспірім мен жас жігіт Сирияға аттануға үндегені үшін сотталды

«Жас адамдар ҚР ҚК-нің 2-бөлімі 233-1 бабымен сотталды. Сотта олардың Интернеттен Сириядағы соғысты насихаттайтын әртүрлі сайттардағы роликтерді жүктегені дәлелденді. Одан кейін роликтерді өдздерінің құрдастарына көрсетіп, оларды моджахедтер қатарына қосылуға шақырған. Сондай-ақ олар Сирияға аттанып, осы елдің мемлекеттік өкіметі пен қарулы күштеріне қарсы соғыс жанжалдарына қатысуға үндеген», - деп хабарлады Б.Ғалиев.