Атырауда жасөспірім Жайыққа батып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 15 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда жасөспірім Жайыққа батып кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 18 шілдеде болған.

«Кеше сағат 20:15 шамасында 2006 жылы туған жасөспірім «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұсындағы жағажайда Жайық өзеніне суға түскен. Алайда, жасөспірім өзеннен қайта шықпай қалған. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сағат 20:31-де Жайыққа батқан баланың денесін судан шығарды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бір күнде екі адам суға кеткен болатын.