Атырауда жастардың шығармалары кітап болып шықты

АТЫРАУ. Қазақпарат - Атырауда жас ақын-жазушылардың антологиясы оқырмандарға жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда жастардың шығармалары кітап болып шықты

«Оқырмандарға арналған бұл туындыға жас ақын-жазушылардың проза мен поэзия жанрындағы шығармалары топтасқан. Жинақ Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен жарыққа шықты. Бұл кітапқа 25 жас ақын-жазушының шығармалары еніп отыр», - дейді ақын, «Руханият» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлия Дәулетбаева.

Кітаптың тұсаукесер рәсімінде белгілі өлкетанушы Өтепберген Әлімгереев, журналист Төлеген Жаңабай, қоғам қайраткерлері Мәдина Ғабдісәлімова мен Рәшила Мұрсалиевалар жарық көрген кітапқа қатысты пікірлерін айтып, өз бағаларын берді.
null
null 

Кеш соңында жас ақындар өздерінің өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты.