Атырауда жастарға арналған аула клубтары ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат  - Атырауда Нұр белес» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жеті қазына», «Достық», «Хиуаз», «Бейбарыс» аула клубтары ресми түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда жастарға арналған аула клубтары ашылды

 «Өткен жылы аула клубтары жұмыстарын пилоттық арнада жүзеге асырылды. Нұрсая мөлтекауданында «Достық» аула клубы жұмыс жасайды. Соны сараптай келе біз биыл Атырау облысы бойынша 6 аула клубын ашуды жоспарладық.  Бұл жерде жастарға қажетті бірнеше үйірмелерді  қамтамасыз етудеміз. Әр үйірмеде білікті мамандар қызмет атқаратын болады.  Сондай-ақ жастардың сұранысы бойынша тағы да, бірнеше үйірмелерді қарастырудамыз»,- деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан.

Аталмыш аула клубтары жылдың аяғына дейін жұмыс жасайтын болады. Әр аула клубында ағылшын тілі сабақтары, домбыра, гитара, өлкетану, шахмат, дойбы секілді спорттық үйірмелермен қатар актерлік шеберлік, қолөнер сабақтары да өтеді.

Айта кетейік, үйірмеге қатысушылар тек өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, аула клубтары арасында өтетін шараларға қатысады. Аула клубтары 7-29 жас аралығында кез келген жас тегін қатыса алады.