07:28, 26 Тамыз 2020 | GMT +5
Атырауда жасырын цехта кондитерлік тағамдар пісірілген
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының тұрғыны гаражда жасырын цех ашып, кондитерлік тағамдарды пісіріп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Ернар Әбілхайыровтың айтуынша, Махамбет көшесіндегі жеке үйдің ауласында заңсыз кондитерлік цех жұмыс істеген. Санитарлық талаптарға сай келмейтін гаражда торттар мен пряниктер пісірілген.
«Бұл нысанның меншік иесі анықталған соң, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әзірге нақтылау мен тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Ерлан Әбілхайыров.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылғанын хабарлаған едік.