Атырауда жасырын казино жұмысын жүргізген топ ұсталды

None
Ашық көздерден алынған фото
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері арнайы кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде жасырын казино жұмысын жүргізген адамдар тобын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тінту жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар 3300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалар және куәлардан жауап алынды», - деп жазды ведомстводан.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырушалары өз әрекеттерін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар