Атырауда жатақхана өртенді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бүгін түстен кейін жатақхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өрт Балықшы шағынауданындағы бес қабатты жатақханының үшінші қабатынан шықты. Онда бөлме өртеніп, жалын артынша балконды шарпыған. Өрт кезінде қолданылатын саты арқылы 12 адам эвакуацияланды. Олардың арасында 5 бала бар. Ғимараттың өзінен 37 адам көшірілді. Өрттің себебі нақтылану үстінде. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ»,-деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге 20 өрт сөндіруші мен 5 техника қатысқан.
А.Соколов