Атырауда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режімге көшті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы барлық жерде «Арнаулы автобаза» ЖШС және «Атырау Су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнынан барлығы 20 сорғы автокөлік нөсер салдарымен күресуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режімге көшті

Атырауда тамыздың 4-нен 5-не қараған түні нөсер жауды. Қазір коммуналдық қызметтер қала ішін жаңбыр суынан тазарту жұмыстарына кірісті.
«Қазіргі уақытта «Арнаулы автобаза» ЖШС 10 вакуумдық машинаны жаңбыр суын соруға жіберді. Бастапқыда сорғы жұмыстары қаланың негізгі көшелерінде жүзеге асырылады. Осыдан кейін коммуналдық қызметтерлер екінші деңгейлі жолдарды тазартуға кіріседі», - дейді «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Атырау Су арнасы» мемлекеттік кәсіпорын нөсер суыннан тазарту үшін 10 сорғы автокөліктерін жұмылдырған болатын. Аталған жұмыс күні бойы жалғасады.