Атырауда Жайық өзеніне екі адам суға кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы демалыс орындарының бірінде Жайық өзеніне ер адам мен әйел адам суға кетіп қаза тапты.
«Оқыс оқиға сәрсенбі кешке қарай болды. Суға кеткендердің өлі денесін сүңгуірлер өзеннен алып шықты. Олардың жасы 35 және 39-да. Жағажайда суға шомылуға рұқсат етілмегені туралы белгі қойылған, әрі онда суға шомылу маусымы әлі ашылмаған», деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.