Атырауда Жайыққа батқан 52 жастағы ер адамды іздеп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық өзеніне батқан 52 жастағы ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержановтың мәліметінше, жыл басынан бері 22 адам суға батып, көз жұмған.

«Суға батқандардың ішінде 7 бала бар. Өткен аптада екі адам суға батып кетті. Оның бірі – Махамбет ауданында, екіншісі Атырау қаласында Жайыққа батты. Ал, кеше, 9 тамызда Қызылбалық ауылында Жайық өзеніне батып кеткен 1969 жылы туған ер адамның денесі іздестіріліп жатыр» -дейді Асхат Ержанов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 17 жасар жасөспірім Жайыққа батып кеткен

еді.


Соңғы жаңалықтар