Атырауда Жайыққа батып кеткен жігіт табылмай жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен жігіт табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше, 13 маусымда Жайық өзенінің Геолог кенті тұсындағы жағалауында 27 жастағы жігіт суға батып кеткен. Ол достарымен бірге өзен жағалауында демалған. Бірақ, арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен.

«Кеше сағат 17:10-да суға кеткен жігіттің денесін іздестіру басталды. Өкінішке орай, әзірге іздестіру жұмысы нәтиже берген жоқ. Жедел құтқару жасағы іздестіруді жалғастыруда» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жоғалып кеткен баланың денесі Жайықтан табылғанын, сондай-ақ, 48 жастағы ер адамның суға кеткенін жазып едік.



Соңғы жаңалықтар