Атырауда Жайықтың сағасы мен солтүстік Каспийдің бірегей табиғатын сақтауға бағытталған қарар қабылданды
АТЫРАУ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда «Жайық өзенінің сағасы мен Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің биоәралуандылықты сақтау» деген тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Жұмысына экологтар, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан конференцияның мақсаты Жайық өзені сағасы мен Каспий теңізінің қазақстандық жағалауы флорасы мен фаунасының қазіргі жай-күйін талдау, сонымен қатар, өсіп отырған антропогендік және техногендік әсер жағдайында табиғат байлықтарын сақтауға және тиімді пайдалануға арналған қажетті іс-шараларды әзірлеу болды.
Конференцияда сонымен қатар, Жайық сағасы мен солтүстік Каспийдің бірегей табиғатын сақтау проблемалары қаралды. Конференцияға қатысушылар аймақтағы экономикалық қызметтің бірегей флора мен фаунаға теріс ықпалын барынша азайтуға мүмкіндік беретін іс-шаралардың тұтас кешенін орындау жөнінде қарар қабылдады.