Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, медбике көз жұмды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жедел жәрдем көлігі автомобильмен соқтығысып, салдарынан медбике көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақпарат кезекші бөлімге сағат 10:09-де түсті. Жедел қызмет көрсететін бригада оқиға орнына сағат 10:15-де жетті. Келе жатқан жолда жедел жәрдем көлігі автомобильге соқтығысқан. Салдарынан 4 адам зардап шекті. Медбике оқиға орнында көз жұмды. Ал жедел жәрдем ішіндегі пациент орташа ауырлықтағы жарақатпен ауыруханаға жатқызылды», - деді Атырау облысы денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
Қалған екі зардап шегуші туралы ақпарат жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.