Атырауда жедел жәрдем көлігі аударылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жедел жәрдем көлігі «Мерседеспен» соқтығысып, аударылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда жедел жәрдем көлігі аударылды

«Жол апаты бүгін түнде Сәтбаев даңғылында болған. Жедел жәрдем көлігі кері бұрылыс жасап, басты жолға шыққан. Осы жолмен «Мерседес» маркалы автомобиль де келе жатқан. Екі көлік соқтығысып, соның салдарынан «жедел жәрдем» бір бүйіріне аударылған. Жол апаты фактісі бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды», - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Мәлім болғандай, жол апаты кезінде көліктердің әрқайсысында екі адамнан болған. Олардың барлығы медициналық тексеруден өтіп, үйлеріне қайтарылды.