07:03, 23 Ақпан 2017 | GMT +5
Атырауда жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында 25-26 ақпан күндері жекпе-жектен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сайысқа Қазақстанның әр өңірінен 200-ден астам спортшы қатысады.
Байрақты бәсекеде ерлер - 10, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Жеңіске жеткен спортшылар ЭКСПО қарсаңында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Сонымен қатар топ жарған жекпе-жекшілерге спорт шебері атағы берілетін болады.
Сайыс «Атырау» дене шынықтыру нысанында өтеді.