Атырауда жол апатына ұшыраған 4 жасар бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Медицина мамандары Атырауда болған жол апаты кезінде екі туысқан әпкесінен айырылған 4 жасар баланың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның омыртқасы, оң жақ жамбасы сынып, қарнына кеудесіне және миына зақым келген. Бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдай ауыр бірақ тұрақты»,-деп хабарлады Атырау облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Сергей Хван.
Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы өткен сенбі күні қала маңындағы ауылдардың бірінде болды. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жаяу жүргіншілерге арналған жолдың алдында тұрған адамдарды соғып өтті. Қолына 3 жастағы баласын ұстап тұрған 37 жастағы әйел інісін итеріп үлгерген. Алайда ол да соққы алды. Ал 3 жастағы баласын ұстаған әйел оқиға болған жерде көз жұмды. Болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.