Атырауда жол апатынан 6 адам ажал құшты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Сенбі күні кешке Атырау облысының орталығы мен Құлсары қаласын байланыстыратын тас жолда жол апаты орын алды, оның салдарынан алты адам ажал құшты.

Атырауда жол апатынан 6 адам ажал құшты

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға Құлсары қаласынан 40 шақырым қашықтықта КамАЗ көлігі мен 7 орындық жеңіл автокөліктің соқтығысуынан орын алған. Оқиға орнында 6 адам - жеңіл көліктегі үш ер адам мен үш әйел адам ажал құшты. Ал түрлі жарақаттар алған КамАЗ жүргізушісі мен тағы бір адам аудандық ауруханаға жеткізілді.

Әзірге апат себептері анықталуда.