Атырауда жол апатынан бір адам мерт болып, екеуі ауруханаға түсті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында жол-көлік оқиғасынан бір адам мерт болып, екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда жол апатынан бір адам мерт болып, екеуі ауруханаға түсті

Жол-көлік оқиғасы 3 тамызда сағат 14:00 шамасында «Жұлдыз» ықшамауданында болған. Шетелдік «Nissan Murano» және «Nissan Teana» көліктері соқтығысқан.

Оқиға орнында бір жолаушы көз жұмды. Ал, 34 және 40 жастағы екі ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу басталды.