Атырауда жол-көлік апатында зардап шеккен вице-министр Берік Камалиев Астанаға жіберілді
АТЫРАУ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Сейсенбі күні Атыраудағы жол-көлік апатында зардап шеккен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Камалиев бүгін ұшақпен Астанаға жіберілді.
Облыстық ауруханада хабарлағандай, реанимация бөлімшесіне орналастырылған зардап шеккен азаматқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оның жағдайы тұрақты.
Дәрігерлердің айтуынша, вице-министрдің екі қабырғасы мен иығы зақымданған, сондай ақ миы шайқалған.
Бүгін ауруханада жатқан Берік Камалиевке облыс әкімі Бергей Рысқалиев кіріп шықты.
Дәрігерлік консилиумнан кейін зардап шеккен вице-министрді одан әрі ем қабылдау үшін Астананың клиникаларының біріне жіберу туралы шешім қабылданды.