Атырауда жол-патрульдік қызмет көлігі апатқа ұшырады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Фейсбукте Атырау автомобильдік  Zello-atyrau  қоғамдастығының парақшасында  пайдаланушылар  жол-патрульдік қызмет көлігінің қатысуымен болған апат орнынан фото орналастырды,  деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.   
None
None

Пайдаланушылар хабарлағандай, апат «Жұмыскер» мен «Балықшы» шағынаудандарын біріктіретін көпір аумағында болды. "Вольксваген Поло" маркалы полицей көлігі мен   «Лада Приора» соқтығысты. Олардың бірі аударылып кетті.

«Апат қалай орын алғаны,  зардап-шеккендердің бар-жоғы анықталу үстінде», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар