Атырауда жол жиегінде өртенген көліктің жүргізушісі іздестіріліп жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жол жиегінде өртенген көліктің жүргізушісі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда жол жиегінде өртенген көліктің жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жүргізуші өртенген көлігін оқиға орнында тастап кеткен.

«14 ақпанда сағат 04:20 шамасында «Атырау-Астрахань» бағытындағы тас жолдың айналма бұрылысында «Chevrolet Cobalt» автокөлігі жол жиегіндегі бордюрге соғылған. Жүргізуші соққы салдарынан өртенген көлікті оқиға орнында қараусыз қалдырып кеткен. Қазір атыраулық полицейлер көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, Атырау облысында 150 қойымен жоғалып кеткен егде жастағы адам табылды.