Атырауда «Жолдағы қабылдауда» екі күнде Арменияның 200-ге жуық көлігі тіркелді

«Атырауда екі күнге созылған «Жолдағы қабылдау бөлімі» атты акция өткізілді. Жүргізушілерден 180-ге жуық өтініш келіп түсті, олардың көбі «армения» көліктерін тіркеуге қатысты болған. Көлік иелерін негізінен осы процедура ережелері, баж құны, үшінші тұлғаның сенімхат арқылы тіркеуден өту мүмкіндігі және тағы басқа мәселелер қызықтырды. Сұрақтарға Атырау облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы Өтегалиев жауап берді. Нәтижесінде, акцияның бірінші күнінде арнайы ХҚКО-да Армениядан әкелінген 108 көлік тіркелді, ал 27 тамызда тағы 84 көлік иесі жаңа нөмір алды», - деп хабарлайды аймақтық ПД баспасөз қызметінен.
Бүгінгі күні Атырауда осындай 3500-ден астам көлік тіркелген. Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін кіргізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 қыркүйекте аяқталады.