23:30, 29 Наурыз 2021 | GMT +5
Атырауда жұмысына кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жұмысына шығып кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұдан бұрын 6 наурызда кешкі сағат 19:00 шамасында үйінен жұмысына шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 54 жастағы күзетші іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.
Күзетшінің жоғалғаны туралы полицияға 9 наурызда қарындасынан хабар түскен.
«Із-түзсіз жоғалған азаматтың денесі 26 наурызда сағат 20:00 шамасында Алмалы елді мекені маңындағы Бугорки саяжайы тұсынан, Жайық өзенінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты болмады» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, өңірде жыл басынан хабар-ошарсыз кеткен 12 тұлға іздестірілген. Жоғалғандардың 9-ы табылған. Ал, 3-еуі әлі іздестіріліп жатыр.