Атырауда жыл басынан бері 117 өрт оқиғасы тіркелді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері 117 өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Атырау қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұржан Жақатаевтың

мәліметінше, өрттің басым бөлігі жеке сектордағы нысандарда болған.

«Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдаланудағы абайсыздықтан шыққан өрттен 5 адам

көз жұмып, 3 адам жарақат алды. Өрттің салдарынан келген материалдық залалдың

көлемі 200 млн 367 мың теңгені құрады», -дейді Нұрдан Жақатаев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі қарияны өрттен

құтқарып қалғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар