Атырауда жыл басынан бері түнімен қыдырған 1500 жасөспірім ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері түнімен қыдырған 1500 жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда жыл басынан бері түнімен қыдырған 1500 жасөспірім ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, түнімен көше кезген 1500-ге жуық кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабымен әкімшілік жауапқа тартылған.

«Атырау қалалық полиция басқармасының тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ, өз балаларын тәрбиелеумен айналыспайтын ата-аналарды үнемі қадағалайды. Осыған байланысты жүргізілген рейдтердің нәтижесінде биылғы 11 айда кәмелетке толмаған 52 жасөспірімді, қолайсыз 28 отбасының 51 баласын басқарманың есебіне алды», -дейді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ерлан Биғамбаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мас күйде көлік жүргізген жігіт б ас бостандығынан айырылғанын жазған болатынбыз.