Атырауда жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 4 жасөспірім мерт болған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 4 жасөспірім мерт болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 30-дан астам жасөспірім түрлі дене жарақатын алған.

«Атырау облысының аумағында балалардың қатысуымен 20-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 30-дан астам жасөспірім әр түрлі дене жарақатын алып, 4-еуі мерт болды. Әсіресе, соңғы кезде мұндай дерек жиіледі. Сол себептен, ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеміз. Жүргізушілерден жолда жүру ережесін қатаң сақтау сұралады», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Жасөспірімдерді қаққан көлік жүргізушілерінің кейбірі оқиға орнынан қашып кететін жайттар бар. Мұндай дерек 5 маусымда Исатай ауданының Жанбай ауылында тіркелген. Мұнда 30 жастағы жүргізуші 3 жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізуші ұстады. Көлік арнайы тұраққа қойылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда КамАЗ көлігі қаққан 6 жасар бала мерт болғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, жантүршігерлік жол апатынан кейін рульдегі жасөспірім ауруханаға түсті.

Ал кеше, 5 маусымда жеңіл көлік қаққан екі жасөспірім ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

«Электрлі самокатпен келе жатқан 2 жасөспірімді Тoyota Verso автокөлігі қағып кетті. Салдарынан 1 жасөспірім әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар