Атырауда жылу тарифінің көтерілуіне жол берілмеді

АТЫРАУ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырауда жылу тарифінің көтерілуіне жол берілмеді.

Атырауда жылу тарифінің көтерілуіне жол берілмеді

Атырау Жылу Электр Орталығы (ЖЭО) монополияға қарсы департаментке жылу энергиясымен қамтамасыз ету және оны өндіру тарифін 1 пайызға көтеру туралы өтініш жазды. Себебін «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның табиғи газды тасымалдау тарифтерін көтеруімен түсіндірді. Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің жетекшісі Райхан Мизамғалиева хабарлағандай, АЖЭО өтініші қабылданбады. Оған тарифті көтеруді негіздейтін құжаттардың толық еместігі себеп болды.