Атыраудағы ауыл мұғалімі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы ауыл мұғалімі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 ақпандағы Жарлығымен атыраулық мұғалім Ақмарал Ғабдуллинаға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы» атағы берілді. Құрметті атақты ауыл мұғаліміне Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов табыстады.

Ақмарал Ғабдуллина – жоғары санатты мұғалім. Индер ауданындағы Көктоғай ауылдық округінде тұрады. Осындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектепте 1988 жылдан бері оқушыларға тарих және құқықтану пәнінен дәріс береді.


Соңғы жаңалықтар