06:10, 20 Тамыз 2020 | GMT +5
Атыраудағы балабақшаларда 337 кезекші топ ашылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы балабақшалар жұмысын қайта бастап, 337 кезекші топ ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық білім басқармасы жалпы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы Ақкенже Исанбергенованың мәліметінше, өңірде 207 балабақшаның 67-сінің жұмысы қайта басталып отыр. Оның 54-і мемлекеттік балабақша болса, қалған 13-і жекеменшік. Бұларда 2 мыңнан астам баланы қамтыған 337 кезекші топ ашылған.
«Атамекен» ҰКП ашқан InfoKazakhstan.kz арнайы сайтына балабақшалар тіркеліп, электронды өтінім жолдайды. Соның қорытындысымен кезекші топтарды ашу жалғасып жатыр», - деді ол.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылды.