Атыраудағы балабақшаларда асық-терапия енгізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақтың ұлттық ойыны - асық ату Атыраудағы балаларды дамытуға септігін тигізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық ойыны асық ату соңғы кезде ұмыт бола жаздады. Біз соны жаңғыртуды мақсат еттік. Асық ойнаған баланың жылдамдығы, мергендігі дамып, алыстан көру қабілеті артады, аяқ-қолы ширақ қимылдап, епті бола түседі. Асық ату үшін балаға логикалық ойлау да қажет, бұл бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытады», - дейді бастамашылардың бірі, «Көркем-ай» балабақшасының тәрбиешісі Светлана Салықова.

Тәрбиешілер балалармен бірге басқа балабақшалардағы әріптестеріне асықтың 30-дан астам түрін көрсетті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында отансүйгіштіктің негізі ретінде туған жерге, ата дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беру қажеттігі айтылады. Сондықтан да біз қазақ ұлттық ойындарын жаңғыртып, асық-терапияны насихаттап жүрміз. Бұл балаларды ұйымшылдыққа, достыққа баулиды, оның үстіне ол өте қарапайым әрі қолжетімді», - дейді Атыраудағы балабақшалардың бірінің директоры Гүлбану Қонаева.

Соңғы жаңалықтар