Атыраудағы Ганюшкин ауылы Құрманғазы болып өзгертілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Ганюшкин ауылдық округі енді Құрманғазы болып аталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраудағы Ганюшкин ауылы Құрманғазы болып өзгертілді

Осыған байланысты аудан орталығындағы С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Ганюшкин ауылдық округінің «Құрманғазы» болып өзгеруіне байланысты салтанатты жиын өтті.

«Ганюшкин селосы облыстық әділет басқармасында Құрманғазы ауылдық округі мен Құрманғазы ауылы болып тіркелді. Осы тарихи сәт күйші бабамыздың есімін мәңгі сақтау мақсатында жасалып отырған шаралардың бірі», - дейді аудан әкімі Бибоз Шаяхметов.
null

Аудан басшысы Бибоз Шаяхметов салтанатты шара барысында бірлескен шешімнің көшірмесін ұрпаққа естелік болсын деп,  аудандық мұражайдың басшысы Гауһар Таумановаға табыс етті.

«Бұл шешім 2017 жылғы 30 қазанда өткен қоғамдастық жиынында көпшілік дауыспен қабылданды. Бастаманы облыстық мәслихат депутаттары да қолдады, - деді ауыл әкімі Мұрабек Мұғалім.

Авторы: Абай АҚМҰРЗИЕВ