Атыраудағы мұнай-химия жобасына үндістандық тарап қатысуы мүмкін

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - АҚШ-тың «Basell» компаниясы Атыраудағы мұнай-химия жобасына қатысудын бас тартып отырғандықтан,
None
None
қазақстандық тарап бұл жобаға қатысу үшін басқа да әлеуетті инвесторларға ұсыныс жасады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Акционерлердің арасында «ҚазМұнайГаз» Барлау-Өндіру» компаниясы мен «Sat & company» компаниясы мойындарына алған қаржылық міндеттемелерін орындап, жобаға биыл да инвестиция салуға дайын. Алайда мұнай-химия рыногының білікті қатысушысы болып табылатын шетелдік акционер «Basell» компаниясы тарапынан проблема туындады. Қалыптасқан дағдарысты жағдайға байланысты «Basell» жобаға қатысудан бас тартып отыр немесе қатысуға мүмкіндігі жоқ», - деді отырыста С. Мыңбаев. Сондықтан қазақстандық тарап басқа әлеуетті инвесторларға, оның ішінде Мемлекет басшысының жақында Үндістанға жасаған сапары аясында үндістандық тарапқа Атыраудағы мұнай-химия жобасына қатысуға ұсыныс жасаған. «Наурыздың 4-де Үндістанның Индустрия министрі келеді. Бұл мәселе олармен пысықталатын болады», - деді министр. С. Мыңбаев аталмыш жобаның кешігіңкіреп жүзеге асырылуы мүмкін екенін, алайда оған білікті акционердің қатысуы қажеттігін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар