Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты күнделікті режімде жұмыс істеуде- Қ.Қабылдин

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты күнделікті режімде жұмыс істеуде. Бұл туралы бүгін Астанада журналистерге сұхбат берген «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының президенті Қайыргелді Қабылдин мәлім етті,

Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты күнделікті режімде жұмыс істеуде- Қ.Қабылдин

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания басшысы атап көрсеткендей, кеше, қыркүйектің 23-і күні Атыраудағы мұнай өңдеу зауытындағы кәріздік жүйелердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Апат салдарынан 1 адам қаза тауып, 1 адамды күйік шалды. Тағы 1 адам жеңіл жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. «Барлық өрт сөндіру қауіпсіздігі жүйесі апатты ауыздықтауға жұмылдырылды. Қазіргі уақытта зауыт күнделікті режімде жұмыс істеуде», - деді Қ.Қабылдин.