Атыраудағы Назарбаев мектебі халықаралық аккредитациядан өтті
«Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі Нидерландыдағы CIS Халықаралық мектептер кеңесінің ресми аккредитациясынан сәтті өткендігі жөнінде ресми мәлімдеме алды. Беделді халықаралық ұйымның аккредитациясынан өту - ұзақ әрі күрделі процесс. Халықаралық сарапшылар біздің білім ордамызға биыл 16-22 қыркүйек аралығында келген болатын. CIS командасы оқу орынның менеджментін, мұғалімдердің кәсіби дамуын, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуымен мектептің жалпы қызметін жан-жақты сараптады», - деп мәлімдеді Атырау қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтпөкешев.
Айтпөкешевтің айтуынша, «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚҚ даму стратегиясында НЗМ білім беру қызметінің жоғары сапасын растау үшін халықаралық ұйымдарда аккредиттеуден өту қарастырылған. Сондықтанғ бұл үдерістен өту - мектеп үшін маңызды болған.
«Аккредиттелген мектеп болу үшін біз мектеп өмірін және оқу үдерісін ұйымдастырудың халықаралық стандарттарға сәйкестігін растадық. CIS қауымдастығына ену мектепті дамыту және үздіксіз жетілдіру үшін кең перспективалар ашады», - деп атап өтті Айтпөкешев.