Атыраудағы оқиға: ауруханада жатқан екінші электрмонтаждаушының жағдайы ауыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ауруханада жатқан екінші электрмонтаждаушының жағдайы ауыр. Оған ота жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Атырау Жарық» АҚ-ның екінші электрмонтаждаушы облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде ауыр халде жатыр.

«Дәрігерлер науқаста бірнеше қабырғаның зақымдануы, сол жақ иықтың сынуы, сол жақ иық мойынының жылжуы, төрт қабырғаның, жамбас сүйектің жабық күйде сынғанын анықтады. Науқасқа ота жасау үшін дайындық жүріп жатыр. Қазір науқасқа әйелі қолдау көрсетіп отыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда биіктен құлаған екі электрмонтаждаушының

бірі қайтыс болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар