Атыраудағы оқушылар мен жастар сарайына Абай есімі беріледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімі Атырауда бой көтерген оқушылар мен жастар сарайына беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бұған дейін дана Абайдың есімі 5 мектеп пен 28 көшеге берілген.

«Енді биылғы 175 жылдық мерейтойы аясында ақын есімін оқушылар мен жастар сарайына беру ұсынылып отыр. Аталған сарайдың алдына дара ойшылдың ескерткішін орнату жоспарда бар» -деді облыстық мәслихаттың сессиясында облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда дүниеге келген сәбиге Абай есімі берілген еді.



Соңғы жаңалықтар
telegram