Атыраудағы тағзым ету шарасына үш боздақтың ұрпақтары келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қаладағы мемориалдық тақтаға барып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті, деп хабюарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
None
None

Боздақтарды аза тұтуға облыстық ардагерлер кеңесінің, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, мекеме, кәсіпорын және еңбек ұжымдарының қызметкерлері жиналды. Олардың қатарында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтары да болды.

Айта кетелік, қазір Атырау облысында саяси қуғынның зардабын шеккен 7 мыңнан астам адам тіркелген. Қазір аймақта жазықсыз жапа шеккен 10 адамның ұрпағы өмір сүреді. Бүгінгі шараға зұлмат жылдары қиянат көрген үш азаматтың балалары мен немере-шөберелері келді.

2

Жиында сөйлеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев рухани жаңғыру Алаштың арыстарын ардақтауда қастерлі істерін құрметтеуде басты құндылық болуы қажет деді. «Болашаққа бағдар беріп, қоғамның өркениет көшіне ілесіп, дамуына ықпал жасайтын көкірегі ояу, көзі ашық зиялыларды арамыздан алып кетіп атып тастады, итжеккенге айдады. Жүз мыңдаған адам еліміздің жарқын болашағы жолында құрбан болды. Сол жылдары көптеген көрнекті қайраткерлер және өзге ұлттың өкілдері еріксіз Қазақстан жеріне ауып келді. Құшағы ашық кеңпейіл халқымыз оларды түріне, тіліне, дініне қарамай туысындай бауырына басты. Азаттық жолында құрбан болған азаматтарды еске сақтай отырып, әрқайсымызды ел дамуына аянбай қолдан келгенше қызмет атқаруға шақырамын», - деді облыс әкімі.

Айта кетелік, Қазақстан бойынша 103 мыңға жуық азамат саяси қуғанға ұшырады. Олардың 25 мыңы ату жазасына кесілген. Сол кезде Қазақстанға жер ауып келген 1,5 миллион өзге ұлт өкілі атамекенімізде пана тапты.

3

Соңғы жаңалықтар