Атыраудағы трасса бойында үш көлік соқтығысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атырау-Қарабатан» трассасының бойында бірден бірден үш көлік соқтығысты, деп хабарлайды Мой город.
Облыстық Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жеңіл үш көлік соғысқан.
«Оқиғаның салдарынан бір адам зардап шегіп, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді»,-деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Апаттың өзге себептері анықталуда.