Атыраудағы учаскеде сайлаушыларға шұбат пен бауырсақ ұсынылуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы сайлау учаскесіінде сайлаушыға шұбат пен бауырсақ ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласындағы №7 сайлау учаскесі «Сенім» элитарлық мектеп-балабақшасында орналасқан. Учаскелік комиссия төрағасы Айнагүл Ахметованың мәліметінше, мұнда 2 691 сайлаушы тіркелген.

«Біздің сайлау учаскесінде тіркелген ең қарт сайлаушы Надимулла Ғабдуриннің жасы – 92-де. Жасының егделігіне байланысты бұл сайлаушының дауыс беруі үшін сайлау жәшігі үйіне жіберілді. Ал, таңғы сағат 7.00-де 62 жастағы Кенжебай Дүйсенғалиев алғашқы болып таңдауын жасады. Оған арнайы сыйлық берілді. Сондай-ақ, мұндай мүмкіндікке 18 жасқа толып, ең алғаш дауыс берушілер де ие болды, - дейді Айнагүл Мақсотқызы.

Аталған сайлау учаскесінде 9 байқаушы дауыс беру барысын бақылап отыр. Оның бірі –халықаралық байқаушы. Учаскеде санитарлық талаптар сақталған.

Бір ерекшелігі, дауыс беруге келген сайлаушыларға шұбат пен бауырсақ ұсынады.


Соңғы жаңалықтар