Атыраудағы велошеруге 1,5 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қала күні мерекесіне орай бұқаралық велошеру өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасы сілтеме жасап.

Атыраудағы велошеруге 1,5 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты

Салауатты өмір салтын насиихаттауға бағытталған шараға 1,5 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Облыс орталығының бірнеше көшесін басып өткен жалпы қалалық велошеруге қатысушылар 10 шақырымға жуық қашықтықты бағындырды. Спорттық мерекеге қатысқан жандардың арасында алпысты алқымдаған ақсақалдар да, алты жастағы балалар да бар. Ал орта жастағы қызметтен үнемі қолы босамайтын жұмысбасты тұрғындар үшін бұл нағыз спорттық бәсеке болды. Ал шеру соңы шағын мерекеге ұласып, үздіктер марапатталды.
null

null
«Бүгін велошеруге қатыстық. Бабымызды жоғалтпаппыз. Бұл денсаулықты сақтауға, ары қарай өз-өзіңді бабыңда ұстауға қажет деп есептеймін. Сондықтан барша қазақстандықтарды спортпен үнемі шұғылданып тұруға шақырар едім», деді велошеруге қатысушы
Саламат Сабыр.

null

null

null

Фото ATPress.kz